директор
Құрметті блогқа қатысушылар!
Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын.
Осы блогтың көмегімен Сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және менің көмекшілерім, тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды.
Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін.
Өмірбаян
Мен, Жайлаубаева Ақтолқын Ақжолқызы ОҚО, Қазығұрт ауданы Рабат селосында дүниеге келдім. Шымкент педагогика институтын 1987-1992 жж аралығында оқып тәмәмдамым. 2013-2015 жылда Алматы әлеуметтік инновациялық университетінде қазақ тілі мамандығын алып шықтым.
1970 жылы 5 қазанда ОҚО, Қазығұрт ауданы Рабат селосында дүниеге келдім. 1987 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, 1992 жылы «ЖТП» және еңбек мамандығын алып шықтым 1992-1999 жылы Сарыағаш ауданы «Көлтоған» орта мектебінде еңбек пәні мұғалімі болып жұмыс бастадым. 2000 жылдан бастап Т.Рысқұлов атындағы №25 гуманитарлық-этнопедагогикалық гимназия мектебінде технология пәні мұғалімі болып қызмет атқардым. 2009 жылы №79 жалпы орта мектебіне директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орын басары, 2013 жылдан бастап осы мектепке мектеп директоры болып тағайындалдым. Отбасылымын: жолдасым, 2-ұлым, 2-қызым бар. Казіргі таңда №57 жалпы орта білім беретін мектебінде ротациялау тәртібі арқылы 2022 жылдың 8 тамызынан бастап директор болып қызмет атқарамын.